Астанада Момышұлы даңғылындағы учаске уақытша жабылады

26 Шілде, 16:35 448

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тәуелсіздік даңғылынан Р.Қошқарбаев даңғылына дейінгі учаскеде Б. Момышұлы даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты 27-29 шілде аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.

Сондай-ақ осы жұмыстар шеңберінде 28 шілде күні (бір күнге) Тәуелсіздік даңғылы мен Б.Момышұлы даңғылының қиылысын жабу жоспарлануда.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: