Астанада мейрамханадан тамақ ішкен 9 адам ауруханаға түсті

17 Сәуір, 15:36 472

Астанадағы көпшілікке танымал мейрамханалардың бірінде ас ішкен 9 адам ауруханаға түсті. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Көктем» мейрамханасында улану дерегі бойынша Астана қаласы әкімдігінің Инфекциялық орталығына өткір гастроэнтерит белгілерімен 10 адам жүгінген. Олардың тоғызы ауруханаға жатқызылып, қажетті тексерулер мен медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Ал бір адам ауруханаға жатудан бас тартып, амбулаториялық ем алу туралы ұсыныспен үйіне жіберілді, – делінген басқарма таратқан ресми мәлімдемеде.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, қазіргі таңда ауруханаға жатқызылған науқастардың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: