Астанада мас күйде көлік жүргізген әйел өтірік жүкті болып көрінген

29 Тамыз, 09:03 377

2024 жылдың басынан бері елорда аумағында 19 459 жол-көлік оқиғасы болса, оның ішінде мас күйде – 118, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елордалық прокуратура басқармасының басшысы Саламат Тәңірбергеннің айтуынша, бүгінде мас күйінде көлік жүргізу жолдардағы өрескел бұзушылықтардың бірі болып қалып отыр.

Көбінесе мұндай бұзушылар әйел адамдар болып келеді. Құқық бұзушылар жазадан жалтару мақсатында қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын басқа да құқыққа қарсы әрекеттер жасайтын жағдайлар бар. Мысалы, қала тұрғыны мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алынбау мақсатында сотқа жүктілік туралы анықтама берді, ол жалған болып шықты, - деді басқарма бастығы ӨКҚ брифингінде.

Сот әйелді 15 күнге қамауға алып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырды.

Сондай-ақ жалған құжатты пайдалану фактісі бойынша оған қатысты ҚК-нің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: