Астанада марафон жеңімпаздары анықталды

1 Қазан 2023, 12:52 558

Бүгін елорда төріндегі Ботаникалық саябақта жүгіру марафоны өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Еліміздегі ірі операторлардың бірі Kcell компаниясының 25 жылдығына орай Астана мен Түркістан қаласының қызметкерлері бір мезетте 5 және 10 шақырым қашықтыққа жүгірді.

Бүгінгі «5G KcellRUN» марафоны – бірден-бір бұқаралық спортты дамытудағы үлкен қадам.Шынайы пейілдеріңізбен бүгінгі сенбінің таңында ұйымдастырылған іс-шараға қатысуға белсенділік танытқандарыңызға алғысымды айтамын. Өздеріңізді бүгінгі марафонның межесіне жеңіл жетулеріңізді тілеймін. Жүгіруді дағдыға айналдырған тұрғындарымыздың саны арта берсін, - деді Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Самат Жылқыбаев. 

10 шақырымдық жарыста жеңіл атлетикадан ел чемпионатының қола жүлдегері Әлімжан Балтабек қарсылас шақ келтірмесе, әйелдер арасында Гүлнүр Елемесова топ жарды. Ал 5 шақырымда Дмитрий Адамович (ерлер) және Ева Пинчук чемпион атанды.

Жүлде қоры 10 млн теңгені құрап, жеңімпаздар ақшалай және медальмен марапатталды.

Асқар Таудай
Бөлісу: