Астанада бала күтуші 2 жастағы баланы өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде 38 жастағы бала күтуші екі жастағы бүлдіршінді тұншықтырып өлтірді деген ақпарат тараған еді.
Оқиғаға қатысты Астана қалалық полиция департаменті пікір білдірді.
Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - ПД өкілдері.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.