Астанада көшеден 20 жастағы қыздың денесі табылды

1 Қазан, 12:40 1444

30 қыркүйек күні елордада жас қыздың денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бойжеткеннің денесі Майлин көшесінен табылған. Астана қалалық Полиция департаменті бұл ақпаратты растап, қылмыстық іс қозғалғанын алға тартты.

Полиция қызметкерлері 20 жастағы қыздың жеке басын анықтады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, - делінген мәліметте.

Бұған дейін Маңғыстауда декреттік демалыста болған әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлағанбыз. Келісімшарт негізінде қызмет атқарған 1985 жылы туған сарбаздың денесі өзі тұрған пәтерден табылды. Қайғылы оқиға 28 қыркүйекте болған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: