Астанада көпқабатты тұрғын үйдегі алапат өрт оқшауланды

22 Маусым, 19:00 500

Астанада Тұран даңғылы бойындағы көпқабатты үйде шыққан өрттің таралу қаупі жойылып, қызыл жалын оқшауланды. Оқиға орнына жеке құрамнан 87 қызметкер мен 19 техника жұмылдырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәлімет бойынша қызыл жалын 180 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ.

Біз бұған дейін елордада көпқабатты тұрғын үй кешенінде өрт шыққаны туралы жаздық. Оқиға орнынан дереу жеткен өрт сөндірушілер 8 адамды, оның ішінде 1 баланы эвакуациялады.

Зарина Арман
Бөлісу: