Астанада көпірден секірген тұрғынды құтқарушылар аман алып қалды

18 Маусым 2023, 13:17 831

Астанада Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары көпірден Есілі өзеніне секірген адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Оқыс оқиға бүгін түске таман орын алды. Қаладағы өзен көпірінен белгісіз адам күтпеген жерден суға секірген. Осы орайда құтқару қызметі қоңырау түскен мезетте бірден оқиға орнына жетіп, құтқарып үлгерді.

Бүгін сағат 11-25-те елордада ТЖД Жедел-құтқару жасағының бөлімшесі Есіл өзенінде қайықпен патрульдеу кезінде елордалық құтқарушылар "Серуен" жаяу жүргіншілер көпірінен өзенге секірген адамды құтқарды. 35-40 жас аралығындағы ер адам мас күйінде суға батып кете жаздаған, - деп жазылған елордалық ТЖД-нің баспасөз қызметі таратқан мәліметте. 

Асқар Таудай
Бөлісу: