Астанада көктемгі санитарлық тазалау басталды

24 Наурыз, 03:35 779

Көктемнің жылы күндерінің басталуымен елорданың коммуналдық қызметі қаланы ауқымды санитарлық тазалауға кірісті. Мәселен, көпірлер, ескерткіштер, тротуарлар, белгілер, қоршаулар, аялдамалар жуылады, скверлер, саябақтар, қоғамдық кеңістіктер қоқыстардан тазартылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазір арнайы техниканың көмегімен тротуарлар мен жол жабындарын механикаландырылған тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Қолмен және техниканың көмегімен жол жиегі тазаланады. Сондай-ақ коммуналдық қызмет мамандары еріген суды сорады.

Бүгінгі таңда елорданың бес ауданында санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Іс-шараға 1000 арнайы техника бірлігі және 2300 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

һАкцияға 35 мыңға жуық қала тұрғыны, еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, бизнес өкілдері, жастар, еріктілер, аудан белсенділері қатысты.

Елордада жалпы 60 мыңға жуық тонна қоқыс жиналып, шығарылды. Тазаланған аумақтың ауданы 52 млн шаршы метрден асады.

Биыл Наурыз мерекесі Қазақстанда 10 күн бойы аталып өтуде. 23 наурыз күні - Наурызнамның онкүндігіндегі Тазарту және жаңару күні.

Перизат Саденова
Бөлісу: