Астанада JOLTAP жобасы аясында жаңа оқыту курсы басталды

10 Сәуір, 06:16 598

JOLTAP ауқымды жобасы аясында елордада «Кілттерді дайындау және оқытуды жөндеу» атты жаңа оқыту курсы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігінің ресми сайты таратқан мәлімет бойынша, курс аясында аяқ киімді жөндеу және қалпына келтіру, кілттерді дайындау сервисі, аяқ киімді тазалау және құрғақ тазалау бағыттары бойынша оқыту бағдарламасы әзірленді.

Естеріңізге сала кетейік, елордада жүзеге асырылып жатқан JOLTAP ауқымды жобасының арқасында қала тұрғындары жұмыс тауып, қаржылық жағдайын жақсартып, жаңа мамандық ала алады. Жоба аясында 2 мыңнан астам жұмыссыз астаналық қысқа мерзімді тегін курстардан өтті.

Joltap модульдік нүктелерінің мекенжайлары:

- «Мечта» СҮ, Сығанақ көшесі, 3б;

- «Asia Park» СОО, Қабанбай батыр даңғылы, 21а;

- «Рахмет» СҮ, Н. Тілендиев даңғылы, 15 және Б. Момышұлы даңғылы;

- «Встреча» СҮ, Абылай хан даңғылы, 31а;

- «Тұлпар» СҮ, Ш. Уәлиханов көшесі, 24в;

- «Euromall» СО, Қосшығұлұлы көшесі, 23;

- «Жастар» сарайы, Республика даңғылы, 34б;

- «Ailand» СОО, Қорғалжын тас жолы, 2/1а;

- «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы, Бейбітшілік көшесі, 14;

- Еңбек ұтқырлығы орталығы, Бейбітшілік көшесі, 9;

- «Алматы» ІҮ, Иманов көшесі, 19;

- «Әлем» СО, Бөгенбай батыр даңғылы, 62.

Перизат Саденова
Бөлісу: