Астанада Иманбаева көшесінің учаскесінде жол төсемі жөнделуде. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы орташа жөндеу жұмысын жүргізуде.
Осыған байланысты 15-18 маусым аралығында Ш.Иманбаева көшесінің Кенесары көшесінен Иманов көшесіне дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.