Астанада I халықаралық әскери-музыкалық фестивалінің қорытынды гала-концерті өтті

8 Шілде 2023, 15:51 1386

Әлихан Смайылов «Астана – мәдениет керуені» I халықаралық әскери-музыкалық фестивалінің қорытынды гала-концертін тамашалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Барыс Арена» мұз сарайында өткен шараға жеті мыңнан астам көрермен жиналды. Онда ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрі, Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі, Қазақстан Ұлттық ұланының үлгілі-көрсетілімді оркестрі, сондай-ақ Әзербайжан, Үндістан, Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Жапония әскерлерінің әскери оркестрлері өнер көрсетті.

Атап айтқанда, гала-концертте қазақ халық өнерінің інжу-маржаны атанған "Япырай" лирикалық әуені, Астанаға арналған «Мерейтойлық марш», сондай-ақ Майкл Джексон мен Лайонел Ричидің әлемге әйгілі We are the world синглы орындалды.

Асқар Таудай
Бөлісу: