Астанада "Хан Шатыр" алдында іш киімін шешкен бойжеткен жауапқа тартылды

21 Қыркүйек, 20:28 10403

Астанада «Хан Шатыр» алдында іш киімін шешкен елордалық бойжеткен бұл қылығынан кейін жауапқа тартылғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы жас қыз желі парақшасында жүктеген видеода атап өтті.

Достар! Барлықтарыңа сәлем. Интернетке ұзақ уақыт қол жеткізе алмағаннан кейін сіздермен енді байланысқа шығып отырмын. Барлықтарыңыз не болғанын білетін шығарсыз. Түрлі ақпараттық арналарда мен туралы мақалалар жарияланды... Тиісті органдар менімен байланысқа шықты. Мен ол әрекетім үшін жауапқа тартылдым,-деді ол. 

Алайда елордалық бойжеткен нақты қандай жазаға тартылғанын ашып айтпады. Ол туралы кеңінен тоқталып өтуге уәде етті. 

Алайда полиция бұған дейін 20 жастағы жас қыз әкімшілік жауапқа тартылғанын хабарлаған болатын. Сот шешімімен оған айыппұл салынған. 

Еске салсақ, әлеуметтік желілерде Астанадағы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының алдында бойжеткеннің іш киімін шешім, қолымен айналдырып бара жартқаны видеосы тараған болатын.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Karina D. (@soskareen)

Перизат Саденова
Бөлісу: