Астанада халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды

1 Желтоқсан 2022, 20:15 952

Оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр

Астанада темекі тұқылын тастаған шетелдік жауапқа тартылды. Ал тексеріс кезінде оның халықаралық іздеуде жүргені анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
 
Полицейлер Есіл ауданындағы Е-753 көшесімен келе жатқанда темекі шегіп тұрған үш адамды көрген. Біреуі темекі тұқылын жерге тастай салған. Оны көрген тәртіп сақшылары айыппұл хаттамасын рәсімдейді. Ал тексеріс кезінде Өзбекстанның 31 жастағы азаматы халықаралық іздеуге жүргені анықталды.
Ұсталған ер адам Ресей Федерациясында алаяқтық жасаған. Ал өз елінде біреуге қасақана ауыр дене жарақатын салған. Сол үшін мемлекетаралық іздеуге жарияланған.
 
Қазіргі кезде шетелдік уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
EL.KZ
Бөлісу: