Астанада фитнес орталығынан өрт шықты

18 Қаңтар, 19:10 752

Елордалық құтқарушылар фитнес орталығындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Сарайшық ауданының Ш.Қалдаяқов көшесінде орналасқан 7 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында фитнес орталығының бу бөлмесінде өрт шықты.

Құтқарушылар 7 шаршы метр алаңда өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, - делінген мәліметте.

ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

Асқар Таудай
Бөлісу: