Астанада этножурналистика байқауының жеңімпаздары марапатталды

27 Қазан 2018, 06:09 3048

Астана қаласының Достық үйінде 27 қазанда  дәстүрлі «Бірлік жаршысы» журналистер байқауының қорытындысы жарияланып, жеңімпаздары марапатталды.

Іс-шараны ұйымдастырушылар – Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы берген ақпаратына сәйкес, байқауға биыл Қазақстанның төрт қаласынан 25 жұмыс келіп түскен.

Биыл байқау Астананың 20 жылдығына арналып, оған этносаралық келісім тақырыбын қазақ және орыс тілдерінде терең қамтыған әрі оны жария еткен авторлар қатысты.

Әділқазылар алқасы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін жан-жақты ашып көрсететін және оны түсіндіруге арналған, жас ұрпақтарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған талдамалы тұрғыдағы үздік материалдарға ерекше маңыз берді.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы екі санат бойынша жеңімпаздарды анықтады.

Қазақстандық патриотизм рухында тәрбилеуге бағытталған талдамалы тұрғыдағы үздік материал бойынша анықталған жеңімпаздар:

1-орын – Гәкку Асылбекқызы – «Көкшетау» газеті (Көкшетау қаласы)

2-орын – Рауан Есқали – ҚХА сайты (Астана)

3-орын – Ермек Жұмахметұлы – «Алматы ақшамы» газеті (Алматы).

Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін көрсетуге бағытталған үздік мақала бойынша анықталған жеңімпаздар:

1-орын Гүлмира Аймағанбет «Астана ақшамы» газеті (Астана)

2-орын Венера Түгел «Егемен Қазақстан» газеті (Астана)

3-орын Кальбинур Хошназарова «Ахыска» газеті (Алматы)

Байқаудың барлық жеңімпаздары құрмет грамоталарымен және ақшалай жүлделермен марапатталды.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

 

 

Бөлісу: