Астанада Есіл өзеніне 100 мың шабақ жіберілді

11 Қазан 2023, 06:19 808

Елордалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Астана қаласының Күйгенжар елді мекенінде Есіл өзеніне шабақ жіберу іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, чу айдынына 100 мың сазан балығының шабағы жіберілді.

AMANAT партиясының «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жол картасының 123-тармағын іске асыру аясында тиісті басқарма жыл сайын өзенге шабақ жіберу жұмысын жүргізеді.

Жылына 100 мың тұқы және 100 мың ақ амур өсіріледі.

Балықтандыру процесін барлық балық шаруашылығы ұйымдары жүзеге асырады.

Бұқтырма уылдырық шашу-өсу шаруашылығының инкубациялық цехтарынан Есіл өзеніне 100 000 тұқы жіберілді.

Күз мезгілі – балық аулайтын ең жақсы маусым. Шабақтар Есіл өзеніне арнайы жабдықталған автомобильдермен тасымалданады.

Сазан балығына дәмді етінің арқасында сұранысы жоғары.
Ол көп қоректенеді және тез өседі. Қамыс өсінділерін, балықтар мен бақалардың уылдырығын, құрт, шаян тәрізділерді, жәндіктерді қорек етеді. Тауарлық сазанның салмағы - 1250-1500 г. ұзындығы – 39-41 см. Ол тұщы суда да, ащы суда да өмір сүре алады.

Сандық тұрғыдан алғанда, балық аулау процесі балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығының ұсыныстарына негізделеді
Биыл жыл соңына қарай екінші рейспен 100 мың ақ амур шабағы жеткізіледі.

Берік Арманов
Бөлісу: