Астанада «Ертіс концерті» симфониялық оркестрінің кеші өтті

23 Қаңтар, 04:19 928

Астанада Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Ертіс концерті» симфониялық оркестрінің бас дирижеры ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Александр Галсановтың жетекшілігімен «Классикалық музыка кеші» өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Концерт оркестрдің 20 жылдығына орай гастрольдік сапар аясында ұйымдастырылды.

Шығармашылық ұжымды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің атынан вице-министр Қанат Ысқақов құттықтады.

Вице-министр «Ертіс концерті» симфониялық оркестрінің 5 қызметкеріне «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін табыс етті. Оларды солистер Жанат Бисимбаев, Ботагөз Жұмабекова, сондай-ақ әртістер Ирина Карпеева, Татьяна Ходько және Альмира Сүлейменова алды.

Концерттік бағдарламада атақты қазақстандық және шетелдік композиторлардың вокалдық, классикалық және аспаптық шығармалары орындалды.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: