Астанадағы «Жастар» саябағында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бауырсақ біріктіреді» акциясы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Акцияны «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Іс-шара аясында еріктілер тұрғындарға 15 килограмм бауырсақ таратты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция мақсаты — Қазақстанда тұратын барлық этностар арасындағы достық пен бірлікті еске салу.
Адамдар тоқтап, күлімдеп, алғысын айтып жатты. Бірі балаларымен келді, енді бірі балалық шағы мен туған үйін еске алды. Біз жай ғана бауырсақ таратқан жоқпыз — жылылық пен өзара құрметке толы атмосфера орнаттық, — деді волонтёр Дана Такенова.