Астанада Елбасының қатысуымен өтетін ҚХА сессиясының мәселелері талқыланды

26 Сәуір 2019, 00:00 2527

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының  XXVII сессиясы қарсаңында Ассамблея кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыс жұмысына ҚР Мемлекеттік хактшысы Марат Тәжин, ҚХА Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, ҚХА кеңесінің мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық қауым өкілдері, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мен облыстық ассамблеялар хатшылықтарының меңгерушілері қатысты.

Жиынды ашқан Марат Тәжин ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған қазақстандық қоғамдық келісім моделі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы полиэтностық жағдайдағы мемлекеттік құрылыстың үздік әлемдік тәжірибесіне қосылған үлес болып табылатындығын атап өтті.

Отырыста ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов, ҚХА Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, Мәжіліс депутаттары Қуаныш Сұлтанов пен Альберт Рау және басқалары сөз сөйледі.

Шараға қатысушылар ҚХА кеңесінің қызметі бойынша бірқатар шешім қабылдады. Сондай-ақ 2019 жылғы 29 сәуірде өтетін ҚХА сесиясына дайындық пен өткізу мәселелерін талқылады.

Фото: Казинформ

inform.kz

Бөлісу: