Астанада екі монша өртенді

14 Шілде, 11:41 568

Астана қаласының құтқарушылары монша кешендерінің бірінің аумағында өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өрт сөндірушілер оқиға орнында екі моншаның жанып жатқанын анықтаған.

Құтқарушылар күштерімен ашық жану оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.

ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: