Астанада екі компания үлескерлердің 4 млрд теңгесін жымқырған

18 Қыркүйек 2023, 13:24 737

Астанада алаяқтық жасады деген күдікпен құрылыс компания басшылары ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қыркүйек айының басында қала прокуратурасының нұсқауы бойынша Полиция департаментінің өндірісіне "R-Club" және "R-Club Deluxe" ТҮК үлескерлерінің ұжымдық арызы негізінде алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс берілді.

Үлескерлердің 4 млрд теңгеден астам ақшалай қаражаты тартылған, алайда іс жүзінде құрылысқа 900 млн теңге жұмсалғаны анықталды. Құрылыс салушымен 2022 жылдың 4-ші тоқсанында жоспарланған аяқталуға тиіс құрылыс бітпеген.

Құрылыс компанияларының басшылары ұсталып, оларға «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Жедел-тергеу тобы құрылды.

Қазіргі уақытта қылмыстың қалған қатысушылары мен олардың активтері анықталуда.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: