Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Бүгiн, 14:40 254

Елордада 15-16 наурыз күндері қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, жәрмеңкеге Қазақстанның әр өңірінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан өнімдерін, табиғи шырындарды, консервілерді және т.б. сатып ала алады.

Іс-шара 15 және 16 наурыз күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Көктал» сауда ойын-сауық орталығында өтеді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: