Астанада былтыр 12 қаржы пирамидасы жойылды

26 Қыркүйек, 07:19 439

Елордалық Экономикалық тергеу департаменті Астанадағы қаржы пирамидаларының қызметін жою бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу басқармасының басшысы Тимур Мұқанов коммуникациялар қызметіндегі брифингте қызметтің осы бағыты туралы егжей-тегжейлі айтты.

Жыл басынан бері Қазақстанда, соның ішінде Астанада «Байқа пирамида» интернет-ресурстарын тексеру бойынша Telegram-бот жұмыс істейді. Осы бот арқылы азаматтар сайттар мен әлеуметтік желілерді қаржы пирамида белгілерінің бар-жоғын дербес тексере алады. Бұл олардың «алаяқтық» схемаларға араласуына жол бермейді.

2023 жылы департаментпен он екі қаржы пирамидасы жойылды: «Sinsera Systems», «Best road Investment», «Q-NET», «Antares Trade», «Bussines process technologies», «Sterling Invest», «life is good», «Finiko», «Chai Tai фармацевтикалық», «Eolus Kazakhstan», «Семейный капитал», «PLATIN COIN». Қаржы пирамидасын құруға байланысты 13 эпизодтан тұратын 10 іс сотқа жіберілді. Олар бойынша 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған, 156 817 410 теңге сомаға тыйым салынған мүлікті тәркілеген 16 адам сотталды, үкім бойынша жәбірленушілерге тәркіленген мүліктен 1 126 238 654 теңге өтелді, - деді Тимур Мұқанов.

2024 жылдың басынан бері ведомство 5 қаржы пирамидасын жойды, сотқа 4 іс жолданды, олар бойынша 181 060 070 теңге өтелді, 231 415 897 теңге тәркіленді, 1 адам мүлкі тәркіленіп, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Тағы 3 іс қаралу сатысында.

Өздеріңіз білетіндей, Қаржы пирамидасына кіру, әдетте, ерікті негізде және құқықтық сүйемелдеусіз жүзеге асырылады. Демек, ешкім инвестицияланған қаражатты қайтаруға кепілдік бермейді. Осыған байланысты Астана бойынша Экономикалық тергеу департаменті азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады, - деді спикер астаналықтарға.

Елордалық Экономикалық тергеу департаментінде 1458 байланыс орталығы жұмыс істейді. Қаржы пирамидаға тап болған азаматтар Желтоқсан көшесі, 43 мекенжайы бойынша тікелей ведомствоға жүгіне алады.

Перизат Саденова
Бөлісу: