Астанада 23 ақпан күні «Бұрқасын-2025» фестивалі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталмыш іс -шара жыл сайынғы қысқы фестивалі бағдарламасы аясында спорттың 9 түрінен өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Фестивальге қатысушылар мына спорт түрлерінен сынға түседі:
Жарысқа қатысуға денсаулығы жарамды барлық ниет білдіруші қатыса алады. Тіркеуден өту кезінде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет. Шаңғы жарыстарына тіркелу жарыс кестесіне сәйкес 30 минут бұрын, өткізу орнында ұйымдастырылады. Шаңғы жарысынан қатысушылардың старттық нөмірлері әр жас тобы бойынша 30 минут бұрын беріледі.
Жарыс санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жүргізіледі. Әр жас тобындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.