Астанада бөтелкелесінің ақшасын ұрлаған тұрғын ұсталды

7 Қазан, 16:06 472

Астана полициясы дәмханада тіркелген ақша  ұрлығын ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицияға 53 жастағы қала тұрғыны жүгініп, ұрлық туралы арызданған. Ол дәмханада ішімдік ішу кезінде ақшасын ұрлап кеткенін хабарлады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Алматы ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотталған 62 жастағы азамат болып шықты. Полицейлер оқиға болардан алдын өтініш беруші бұл ер адаммен танысып, бірге алкогольдік ішімдік ішкенін анықтады.

Алайда көп ұзамай жаңа танысы қолайлы сәтті пайдаланып, жәбірленушінің күртешесінің қалтасынан қолма-қол ақшаны жасырын ұрлап алған, осылайша материалдық шығын келтірген. Ұсталған ер адам мойындау көрсетпелерін берді. Соған қарамастан ол ақшаның жартысын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған, қалғанын төлеуге міндеттенді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарынан сақ болуды сұрайды. Ұрлықты болдырмау үшін құқық қорғау органдары азаматтарға өз мүлкін мүмкіндігінше мұқият бақылауды ұсынады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: