Астанада биыл құрылысы ұзаққа созылған 30-дан астам үй кешені аяқталады

21 Шілде 2023, 14:14 653

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында құрылысы ұзаққа созылған нысандар туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкім «құрылысы ұзаққа созылған «Қорғалжын кварталы», «Мирный дом», «Араби 2 – Гранитный 2», «Зере-2», «Арыстан», «Future Home», «Садовые кварталы», «Территория комфорта-1 2-кезек» тұрғын үй кешендерінің үлескерлерімен кездескен. 

Құрылысы ұзаққа созылған ғимараттардың жағдайы әртүрлі. Бір жерінде үйдің тек жақтауы ғана бар болса, енді бір тұсында тек қазаншұңқыры ғана қазылған. Мәселен, «Арыстан» тұрғын үй кешенінің құрылысы 11 жыл бұрын басталған. Ал нысанды өткізу кезінде тек 20-30%-ы ғана дайын еді. «Садовые кварталы» тұрғын үй кешені 8 жыл бұрын проблемалы деп танылса, нысанды өткізу кезінде іргетасы ғана болатын! Мыңдаған үлескер отбасы баспанасын күтіп жүр, – дейді ол.

Қала басшысының сөзіне қарағанда, биыл құрылысы ұзаққа созылған 30 тұрғын үй кешенін аяқталады. Яғни шамамен 4 мың үлескер отбасы армандаған пәтеріне қол жеткізеді деген сөз.

Үлескерлер кездесулерде абаттандыру, инженерлік желілер салу және т.б. мәселелерді көтереді. Біз өз тарапымыздан мердігерлерге барынша көмек көрсетеміз. Дегенмен олардың үлескерлерді жалған уәдемен үміттендіруіне жол бермейміз, – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: