Астанада биыл 8 студенттік жатақхана ашылады

Кеше, 19:02 197

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеумметті желідегі парақшасында биыл ашылатын студенттік жатақханалар туралы жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаладағы инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды жүйелі деңгейде салуды жалғастырамыз. Олар – тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің, білім беру, медицина, спорт және т.б. нысандары. Өздеріңіз білетіндей, өзге қалалардан келетін студенттер саны жыл сайын артып келеді. Жауапты министрлікпен, университеттермен, инвесторлармен бірлесіп, жатақханалардағы орын санын ұлғайту бойынша жұмыс істейміз, - деп жазды Жеңіс Қасымбек. 

Мәселен, былтыр 4 мың 200 орынға арналған 7 студенттік жатақхана салынып, пайдалануға берілген. Олардың бірі Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, «Тұран Астана» университеті, Медицина университеті, Astana IT university студенттеріне және т.б. арналған жатақханалар.

Биыл тағы 8 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Олар қосымша 3,5 мың орын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарына оқу ғимараттарын салу үшін жер учаскелері бөлінді, онда студенттік жатақханалардың құрылысы да қарастырылған. 2023 жылдан бастап студенттік жатақханалар салу бойынша жобалық кеңсе жұмыс істейді. Фронт-офистің негізгі міндеті – жатақханалар салу бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау және студенттерді баспанамен қамтамасыз ету, сол сияқты ЖОО-лар мен әлеуетті инвесторларға заңгерлік, консультациялық және сараптамалық қолдау көрсету», - деп жазылған Жеңіс Қасымбектің жазбасында.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: