Астанада Біржан салдың 190 жылдығына арналған концерт өтеді

19 Маусым, 11:50 589

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының айтулы әртістері Біржан салдың 190 жылдығына арналған «Арқаның ән-күй мұрасы» атты дәстүрлі өнер кешіне шақырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Арқа өңірінің ән-күй мектебі - өзге өңірлердің əн салуы мен күй шертуіне ұқсамайтын өзіндік мəнері бар ерекше мектептердің бірі. Арқаның дәстүрлі өнер мектебі атақты қазақ әдебиетінің, мәдениетінің XIX ғасырдағы өкілі, қазақ ән өнерінің, сөз өнерінің бірі һәм бірегейі Біржан сал Қожағұлұлының есімімен тығыз байланысты.

Біртуар тұлға Біржан салдың 190 жылдығына орайластырылған рухани кешке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанғали Жүзбай, Ерлан Рысқали, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Құмарбек Қалқатай, Раушан Оразбай, Айзат Қарабек, Мәдениет қайраткері Толғанбай Сембаев, «Мәдениет саласының үздіктері» Перизат Тұрарова, Қайрат Айтбаев, әлем халық билерінің танымал солисі, «Birlik» ансамблінің көркемдік жетекшісі Анель Марабаева, еліміздің абыройын халықаралық ареналарда асқақтатып жүрген Бауыржан Мұхаметбай, Ақерке Тәжібаева, Венера Табыс, Асқар Мұқият, Біржан Айтахметов, Дария Бекпенбетова және «Бірлік» би ансамблі өнер көрсетеді.

Қазақконцерттің «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының әртістерінің музыкалық кеші қазақтың атақты әнші-композиторы, ақын Біржан салдың шығармашылығы мен өнерін өскелең ұрпаққа насихаттауға бағытталған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: