Астанада бірқатар автобус бағыты уақытша өзгертілді

Бүгiн, 10:18 117

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар қалалық автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгертілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

CTS компаниясы өзгертілген қозғалыс тәртібін Facebook-тегі ресми парақшасында жариялады.

Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, №№ 15, 15А, 19,29,29А, 30, 40, 47, 51, 56, 55В, 121 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.

Тұрғындарға бағытты алдын ала жоспарлауға кеңес берілді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: