Астанада «Бірлік жүгірісі 2025» іс-шарасы кезінде бірнеше көше жабылады

Кеше, 15:50 190

Астанада 1 мамыр күні «Бірлік жүгірісі 2025» республикалық жарысы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараны өткізу кезінде көшелердің бір бөлігі жабылады. Жарыстың басталуы EXPO маңында өтеді.

Іс-шараны өткізу кезінде Түркістан мен Ақмешіт көшелерінің учаскелеріндегі қозғалыс мына кесте бойынша жабылады:

30 сәуір күні кешкі сағат 20:00-ден бастап Түркістан көшесінде EXPO жанында арка орнату үшін;

1 мамыр күні сағат 6:45-тен 10:00-ге дейін Ақмешіт, Түркістан көшелері EXPO-дан «Бәйтерек» монументіне дейінгі аралықта.

«Бірлік жүгірісі 2025» республикалық жарысы Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығына арналған және «Бірлігімізге 30 жыл – Ассамблеяға 30 жыл» ұранымен өтеді. Жарыстың мақсаты – Қазақстанның барлық этносын дені сау және ұйымшылдыққа деген біртұтас ұмтылысқа біріктіру. Іс-шараға ересектер де, балалар да шақырылады.

Жүгіру қашықтығы:

Қатысушылардың жиналуы 1 мамыр күні таңғы сағат 05:30-да басталады. Таңғы 7-ден бастап жүгіру басталады. Іс-шара соңында қонақтар жүлделер ұтысын күтеді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: