Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

5 Желтоқсан 2023, 09:11 724

5 желтоқсанда бірінші ауысым оқушылары онлайн оқиды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Астана қалалық Білім басқармасының хабарлауынша, бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-11 сынып оқушылары, колледждерде (1-2 курс) студенттері үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

«Қазгидромет» мәліметінше, бүгін Астанада боран, көктайғақ, екпіні 23 м/с дейін жел күшейеді деп болжанып отыр.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: