Астанада бір қабатты жатақханадан өрт шықты

5 Мамыр, 23:07 328

Астанада Байқоңыр ауданының Жетісай көшесінде орналасқан бір қабатты жатақхананың шатыры жанып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде.

Өрт орын алған нысанда электр қуаты сөндірілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. 12 бөлмесі бар жатақхананың тұрғындары өздігінен эвакуацияланды.

Қазір өрт орнында 26 құтқарушы мен 7 бірлік техника жұмыс істеуде. Жану алаңы анықталуда. Оқиға орнына  тұрғындарды жылытуға арналған автобус жіберілді.

Перизат Саденова
Бөлісу: