Бұл туралы Астана қалалық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Астана қаласының полиция департаменті ауа райының нашарлауына және көктайғақ болуына байланысты жүргізушілерге қырағы әрі абай болуға шақырады. Таңертеңгі сағат 07:00-ден бері елорда аумағында 57 жол-көлік оқиғасы болып, 1 адам зардап шекті», - делінген хабарламада.
Полиция жүргізушілерді жол жүрісі ережесін, жылдамдық режимін, қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтауға шақырады.
«Көлік құралдарының жүргізушілері күрт бұрылыс жасап, шұғыл тоқтаудан сақтануы қажет. Орын алған қолайсыз ауа райы кезінде мұндай жайт көлік құралын басқара алмай қалуға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар көлікті жүргізіп келе жатқанда гаджеттерді пайдаланбаңыздар», - деп ескертеді ведомстводан.