Астанада білікті ұстаздар тапшы. Президент педагогикалық университет ашу керегін айтты

11 Шілде 2023, 13:50 1161

Астанада жыл сайын бір мыңға жуық мұғалім жетіспей жатады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елорданы дамыту мәселелері жөнінде кеңесте айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сапалы білім беру қызметінің қолжетімді болуы аса маңызды. Астанада баланы мектепке немесе балабақшаға орналастыру әлі де өзекті мәселе болып отыр. Көптеген мектепте оқушылар саны жоспарлы межеден артық. Шын мәнінде, үш ауысымды оқыту жүйесі сақталып отыр. Бұған жол беруге болмайды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қалада жаңа білім беру мекемелерінің құрылысына басымдық беру қажет. Сондай-ақ 15 қосымша білім беру нысанын салу керек деп толықтырды.

Оқи отырыңыз:

Астанада білікті ұстаздардың тапшылығы ерекше сезіліп отыр. Жыл сайын бір мыңға жуық мұғалім жетіспей жатады. Сондықтан, елордада педагогикалық жоғары оқу орнын ашу туралы ұсынысты қолдаймын. Бұл – дер кезінде көтерілген бастама. Сол арқылы салынып жатқан мектептерге қажетті мамандар даярлауға мүмкіндік туады. Үкімет педагогикалық оқу орнын ашуды және көпбейінді аурухана салуды мұқият пысықтауы қажет. Қаражат мәселесін шешу керек, - деді Президент.

Әділетті қоғамды құру үшін, ең алдымен, өскелең ұрпақтың жан-жақты, толыққанды дамуын қамтамасыз ету маңызды екенін айтты. Сондықтан мектептердегі білім беру ісі балалардың әлеуметтік жағдайына қарамастан, инклюзивті әрі барлық бала үшін қолжетімді болуға тиіс

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: