Астанада бес баланың анасы көпқабатты үйдің балконынан секіріп кетті

26 Шілде, 15:50 1890

Әлеуметтік желіде көпқабатты үйдің ауласынан әйел адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Куәгерлердің бірі қыздың жоғары қабаттардың бірінен секіріп кеткенін айтады.

1990 жылы туған келіншектің балконнан секіргенін көрдім. Бес баланың анасы еді, кенжесі бір жаста. Күйеуі басқа қалаға кеткен. Екеуінің арасында жанжал болған, - дейді куәгер.

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шақырылғанын мәлімдеді.

Қыз жоғарғы қабаттан құлаған. Ол ауыр жарақаттардан қайтыс болды. Мәйіт полиция қызметкерлеріне берілді, - деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Полиция департаментінің өкілдері осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, сараптама тағайындалғанын хабарлады. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: