Астанада бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері туралы конгрес өтеді

9 Қараша 2022, 10:01 1569

Конгресті Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен қазақстандық репродуктивтік медицина қауымдастығы мен Астана медицина университеті ұйымдастырады

11-12 қарашада «Астана» Конгресс орталығында «Бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері» атты XIV халықаралық КАРМ конгресі өтеді, деп хабарлайды El.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Конгресс дәстүрлі түрде Қазақстан халқының бедеулігі мен репродуктивтік денсаулығының маңызды мәселелерін қайта көтеру, экстракорпоралдық ұрықтандыруды (ЭКҰ) қоса алғанда, қосалқы репродуктивтік технологиялардың (ҚРТ) қолжетімділігі проблемаларын талқылау үшін жетекші қазақстандық және әлемдік сарапшыларды біріктіреді, сондай-ақ отандық және шетелдік қатысушыларға өз баяндамаларын ортаға салуға мүмкіндік береді.

Конгрестің жұмысына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың, еліміздің жетекші ғылыми және клиникалық орталықтары басшыларының, Қазақстан, Португалия, Италия, Ресей, Беларусь, Израиль, Ұлыбритания, Жапония, АҚШ және басқа елдердің репродуктивтік технологиялар саласындағы жетекші мамандарының, бедеулікті емдеумен айналысатын акушер-гинеколог дәрігерлердің, ЭҰ орталықтары өкілдерінің, андрологтардың, эндокринологтардың, эмбриологтардың, генетиктердің, биологтардың қатысуы күтілуде.

Конгрестің аясында Қазақстан, Израиль, Португалия, Италия, Ресей, Беларусь, Жапония, Грузия, Үндістан мамандарының қатысуымен ҚРТ, акушерлік және гинекологиядағы эмбриологияның ең өзекті мәселелері бойынша шеберлік сағаттары өтеді.

Конгресс-орталықтың холдарында 40-тан астам отандық және шетелдік компаниялардың, оның ішінде бірқатар қазақстандық ЭКҰ клиникаларының көрмесі ашылады.

Конгресті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен қазақстандық репродуктивтік медицина қауымдастығы мен Астана медицина университеті ұйымдастырады.

EL.KZ
Бөлісу: