Астанада балаларды тәрбиелеуге діни бірлестіктердің ықпалы талқыланды

30 Мамыр, 19:46 458

Астанада Балаларды қорғау күніне, ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Оған ҚР МАМ Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Әнуар Хатиев, Астана қалалық Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Қошқали және діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Қатысушылар өскелең ұрпақты тәрбиелеуде жиі кездесетін жағдайлар мен проблемаларды талдады.

Өзекті тақырыптардың қатарында балалар арасындағы буллинг, лудомания, жыныстық тәрбие, отбасылық институт және т. б. мәселелер бар.

Сондай-ақ діни бірлестіктердің балалар құқығын қорғауда, тәрбиелеуде ықпалы мен маңыздылығы сөз етіліп, мемлекеттік рәміздердің рөлі және олардың тәуелсіздік пен ұлттық бірегейлікті нығайтудағы орнын қоғамға, көпшілікке жеткізу қарастырылды.

Іс-шара соңында балаларға мерекелік сыйлықтар табысталды.

Зарина Арман
Бөлісу: