Астанада бала 8-қабаттан құлап кетті

13 Қыркүйек, 12:27 551

Астанада 8-қабаттың терезесінен құлаған бала тіл тартпай кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция бұл оқиғаны растап, баланың алған жарақаттарынан қайтыс болғанын хабарлады. 

Кәмелетке толмаған бала тұрғын үйдің 8-қабатынан құлау фактісі бойынша алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Астана ПД Есіл ауданының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, - деп хабарлады.

Бұған дейін Ақмола облысында бір жарым жасар қыз бесінші қабаттан құлап мерт болғанын жазған едік.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: