Астанада азаматтарды қабылдау апта сайын өткізіледі

29 Шілде 2023, 05:08 1059

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында азаматтарды қабылдау барысында көтерілген мәселелер туралы мәлім етті, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Апта сайын азаматтарды жеке қабылдаймын. Көтерілген мәселелердің бір бөлігі тұрғын үйге қатысты. Олар – жеңілдетілген тұрғын үйлер салу, ескі үйлерді бұзу, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау, тұрғын үй кешендерін жөндеу және т.б.

Мәселен биыл 6 мыңға жуық әлеуметтік пәтер салуды, құрылысы ұзаққа созылған 30-дан астам тұрғын үй кешенін аяқтауды, бірқатар тұрғын үй кешеніне жөндеу жүргізуді жоспарлап отырмыз. Алдағы үш жылда апатты жағдайдағы ескі үйлердің тұрғындары үшін 2,5 мыңнан 3 мыңға дейін пәтер салуды жоспарлап отырмыз.


Сонымен қатар азаматтарды қабылдау барысында білім беру, медицина, жұмысқа орналастыру, елді мекендер мен қаланы абаттандыру, автобус санын көбейту және т.б. мәселелер көтеріледі. Проблемаларды шешу қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Азаматтарды қабылдаудан бөлек аудандар мен елді мекендерді аралап, тұрғындармен жергілікті орындарда тікелей кездесеміз, – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Берік Арманов
Бөлісу: