Астанада Қазақстан этностарының тілдерін оқыту мен дамытуға арналған әдістеменің тұсауы кесілді

26 Ақпан 2019, 04:48 2034

Астанадағы №70 мектеп-лицейде «Тілдік әралуандық арқылы – қоғамдық келісім және ел бірлігіне» атты этнолингвистикалық мектеп директорларына арналған әдістемелік семинар өтті.

Оның жұмысына елордалық этнолингвистикалық кешендерінің директорлары мен оқытушылары, Білім беру бақармасының, М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының және астаналық ҚХА Хатшылығының өкілдері қатысты.

Семинарды ашқан Астана қаласының ҚХА Хатшылығының бас маманы Гүлнәр Тайгокова Қазақстан көп этносты және көпконфессиялы қоғам бола тұрып, азаматтық бастама, ортақ тарихи тағдыры мен қазақ халқының тұғырлы рөлі негізінде біріккен бірегей жалпыға ортақ гүлденген мекенге айналғанын атап өтті.

Семинар барысында ҚХА Ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі Н. Шаймерденова сөз сөйлеп, «Қазақтану» ҚХА мәдени-танымдық жобасы Қазақстандағы барлық этностардың жалпы қазақстандық ұлттық бірегейлігін нығайтуға бағытталған рухани біріктіруші күш болатын, қазақ халқының басты адамгершілік принциптері мен мәдени феномендерін ашуға,  таратуға және қабылдауға бағытталғанын айтып өтті.

М. Өтемісов атындағы оқушылар сарайы директорының орынбасары З. Хазимуллина «Қазіргі заманғы оқыту - тиімді оқытудың негізі ретінде» оқу әдістемесін ұсынды. Аталған әдістеме Қазақстан этностарының тілдерін оқыту және дамытуға, мәдениетаралық коммуникация дағдыларын қалыптастыру, толеранттылыққа тәрбиелеу, қазақстандық бірегейлікті  қалыптастыру мен қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мақсаттарын көздейді.

Әдістемелік семинар барысында этнолингвистикалық мектеп оқушыларының алдағы білім беру бағдарламалары, сонымен қатар «Қазақтану» ҚХА мәдени-танымдық жобасын жүзега асыру барысы талқыланды.

Аталған іс-шара Алғыс күніне арналған «Менің Қазақстаным – республикам менің» атты неміс этнолингвистикалық мектебінің ашық сабағынан көрініспен аяқталды.

Бөлісу: