Астанада аз қамтылған отбасы балаларына жат ағымды насихаттағандар ұсталды

30 Желтоқсан 2022, 19:47 1371

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті

Астана қаласының Полиция департаментімен елордада жұмыс істейтін қоғамдық қайырымдылық қорлардың аз қамтылған отбасы балаларына арналған пансионаттар атын жамылып, діни артықшылықты насихаттады деген күдікпен қылмыстық іс тергелуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы қорлардың бірінің қызметкері қалың көпшілікке ашық уағыздар жүргізіп, онда басқа конфессияларды ұстанатындардың діни сезімдері мен ұлттық дәстүрлері қорланды.
Аталған қор пансионаттарында заңды бұза отырып, кәмелетке толмаған тәрбиеленушілер арасында шетелдік уағызшылардың діни догмалары таратылды.

Пансионаттарда жүргізілген тінтулер діни сипаттағы шетелдік оқу материалдарының барын, сондай-ақ, балалардың діни жоралғыларға жүйелі түрде тартылғанын растады. Бұл рәсімдер балаларды қазақстандық қоғамның ұлттық дәстүрлері мен құндылықтарынан алшақтатуға бағытталған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, басқа мәліметтер жария етуге жатпайды.

EL.KZ
Бөлісу: