Астанада әйелімен ұрысып қалған ер адам 12-қабаттағы пәтерінің терезесіне шығып алып, секіріп өлгісі келген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, кешқұрым ер адамның суицидке оқталып жатқаны туралы шақыру түскен.
Оқиға орнына жете сала инспекторлар ер адаммен келіссөз жүргізе бастады. Ақыры, келіссөз шарықтау шегіне жеткен кезде инспекторлар ерлік танытып, терезеге шығып алған ер адамды ішке тартып алды, - деп хабарлайды полиция департаменті.
Белгілі болғандай, ер адам үй-ішімен жанжалдасқан соң осындай қауіпті қадамға барғанын хабарлап отыр.