Астанада әйел көпірден секірмек болды

27 Наурыз, 15:16 652

Астанада полиция қызметкері көпірден секірмек болған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ мәліметінше, патрульдік полиция полкінің инспекторы Евгений Казаков Есіл өзеніне секірмек болған 42 жастағы әйелді құтқарып қалды. Оқиға 23 наурыз күні Сарайшық көшесінің бойында болған.

Полиция қызметкері патрульдеу кезінде көпірдің шетінде тұрған әйелді байқаған. Лейтенант Казаков дереу көпірге шығып, өз өмірін үзе жаздаған нәзік жанды аман алып қалды. Жақын маңдағы сақшылар да көмекке келіп, келіншекті қауіпсіз жерге шығарған, - делінген мәліметте.

Жедел жәрдем жеткенше полиция қызметкерлері тарапынан алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: