Астанада аялдамалардағы ақпараттық таблолар уақытша өшірілді

5 Наурыз, 12:32 732

5 наурыздан бастап жол ақысын төлеудің жаңа жүйесіне көшуге және диспетчерлеуді жаңғыртуға байланысты елорданың аялдама пункттерінде ақпараттық таблолар уақытша ажыратылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, аялдамалардағы ақпараттық тақталар уақытша өшірілген. Сервистік қызмет көрсету аяқталғаннан кейін ақпараттық таблолардың жұмысы қайта басталады.

Естеріңізге сала кетейік, avtobys, 2 GIS және Яндекс карталарының қосымшаларында маршруттардың қозғалысы туралы ақпаратты бақылай аласыз.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: