Астанада автобус жүргізушісінің жүрегі жұмыс үстінде тоқтап қалды

27 Шілде 2023, 16:47 10260

Астанада автобус жүргізушісінің жолда жүрегі тоқтап қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

CTS көлік компаниясының баспасөз қызметі оқиға 27 шілде күні сағат 10:20-да Бөгенбай батыр даңғылында, Бейбітшілік аялдамасына жақын жерде болғанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:

Бағыт бойынша келе жатқан 1961 жылы туған жүргізуші есінен танып, салдарынан жол шетіндегі  қоршау мен жарықтандыру бағанасына соғылып, кейін жаяу жүргіншілерге арналған жолға шығып кеткен. Жүргізуші ауруханаға жеткізілгенімен, есін жимастан көз жұмды. 

Өлімнің негізгі себебі - жүректің тоқтап қалуы. Автобус жүргізушісінің 15 жылдық тәжірибесі болған. Жүргізуші демалыстан кейінгі 2-ші күні жұмысқа шықты. Жұмыс алдында сағат 05:54 те медициналық тексеруден өткен, - деді CTS көлік компаниясының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Астана Сергек 24/7 (@astana_sergek)

Равиль Ашығали
Бөлісу: