Астанада атаулы әлеуметтік көмекті кімдер ала алады?

21 Шілде 2023, 18:23 1187

Астанада мұқтаж тұрғындарға жүйелі түрде жүйелі көмек көрсетіледі, оның ішінде АӘК те бар. Атаулы әлеуметтік көмек алуға кім үміткер бола алады?

Онлайн-брифингте қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Таласова айтып берді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атаулы әлеуметтік көмекті жан басына шаққандағы орташа кірісі кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын қандастар, босқындар, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар құқылы.

Астана қаласы бойынша кедейлік шегінің мөлшері осы жылдың 3 тоқсанында 37 317 теңгені құрады. Отбасының немесе жеке адамның әлеуметтік жағдайына байланысты көмек екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты, - деді спикер.

Сонымен шартсыз ақшалай көмек мынадай санаттағы тұрғындарға көрсетіледі:

жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын кірісі аз адамдарға:
- осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына;
- бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне;
- екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты;
2. құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе еңбекке қабілетті жалғыз мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға, бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын кірісі аз отбасыларға көрсетіледі.

Ал шартты ақшалай көмек көрсетіледі: 1. Шартты ақшалай көмек осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдарды (отбасыларды) қоспағанда, жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын кірісі аз еңбекке қабілетті адамдарға, сондай-ақ отбасы құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар кірісі аз отбасыларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан жағдайда және (немесе) қажет болғанда әлеуметтік бейімдеу кезінде көрсетіледі.

Әлеуметтік келісімшарт жасасу шартты ақшалай көмек тағайындаудың міндетті талабы болып саналады.Шартты ақшалай көмекті алушылармен әлеуметтік келісімшарт шартты ақшалай көмек тағайындау кезеңіне жасалады.Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 181 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларына сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде табыстың мынадай түрлері ескеріледі:

- еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын кірістер, оның ішінде кейбір әлеуметтік төлемдер;
- құрамында 4 және одан да көп баласы бар көп балалы отбасыларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;
- «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы ҚР Кодексінде көрсетілген балалар мен адамдарға алимент түріндегі кірістер;
- кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістер;
- жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын жалға беруден және сатудан түскен кірістер;
бағалы қағаздардан түсетін кірістер;
- жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын және басқа мүлікті сыйға тарту, мұрагерлік түрінде алынған кірістер; - өтеусіз алынған ақша түріндегі кірістер;
- ақшалай салымдар мен депозиттер бойынша сыйақылар (мүдде) түріндегі кірістер;
- жазбаша өтінішпен расталған өзге де кірістер.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: