Астанада әскерилер тұрғындарға сарбаз ботқасын әзірледі

10 Мамыр, 05:25 531

Астананың Үркер тұрғын алабында Жеңіс мерекесі кең көлемде атап өтілді. Мұнда орналасқан әскери бөлімнің сарбаздары елорда тұрғындары үшін сарбаз ботқасын әзірледі. Ал әскери оркестр танымал композицияларды орындады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Әскери оркестрдің концерттік бағдарламасы елдің әнұранынан басталды. Патриоттық әндерді Ұлттық ұлан сарбаздары мен халық ансамбльдері орындады. Концерт аяқталғаннан кейін қонақтар сарбаз ботқасынан дәм татты.

Іс-шараны ұйымдастыру үшін бір рота қойылды. Біз 2 шатыр тігіп, таң атқаннан сарбаз ботқасын дайындай бастадық. Бұл соғыс кезінде дайындалған тағам, - деді подполковник, №5573 әскери бөлім командирінің орынбасары Тимур Рахимов.

Дәстүрлі сарбаз тағамы армияда қолданылатын КП-130 арнайы техникасында дайындалды. Далада ыстық тағамды дайындауға және тасымалдауға арналған машинада бірінші, екінші тағам мен шай жасауға болады.

Бұл біз әскери бөліммен бірге ұйымдастыратын жыл сайынғы дәстүрге айналған іс-шара. Бүгін бізде Отан алдындағы қызметке бүкіл өмірін арнаған отставкадағы әскери қызметкерлер бар. Олар – өскелең ұрпақ үшін үлгі, - деп атап өтті Астана қаласы Нұра ауданы әкімінің бас инспекторы Жарқын Айтжанов.

Перизат Саденова
Бөлісу: