Бүгінгі Сенат брифингінде қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада өтетін әскери шеруге қанша қаражат жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шайх-Хасан Жазықбаевтың айтуынша, әскери шеруге Қарулы күштер және басқа да қарауылдар қатыспақ.
Оған бекітілген сома – 2,7 миллиард теңге. Ол тек әскери қызметшілердің іссапар шығынын жабу, тамақтандыру, киім және Қазақстан Республикасының бірінші бөлігінен екінші бөлігіне әскер мен құрал-жабдықты тасымалдауға кетеді. Сонымен қатар техникаға жанар-жағармай, теміржолмен тасымалдауға да жұмсалады, - деді ол.
Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарының сөзінше, әскери қызметшілер тек әскери шеруден өтіп қана қоймай, тез арада Қазақстан Республикасының басқа бөлігіне ауысу жөнінде өздерінің кәсібилігін машықтайды.