Астанада әскери қызметші 8 жасар баланы зорламақ болған

Бүгiн, 14:24 148

ІІМ орынбасары Санжар Әділов күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елордадағы ауруханалардың бірінде төбелес болған. Бұл туралы хабарлама "102" пультіне келіп түсті. Жедел тергеу тобы келген кезде 1992 жылы туған азамат 1986 жылы туған азаматқа дене жарақаттарын салғаны анықталды. 1986 жылы туған ер адам Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінің бірінде батальон командирінің орынбасары, подполковник болып жұмыс істейді. Хабарламада подполковник палаталардың біріне кіріп, 2016 жылы туған кәмелетке толмаған қызға тиіскені айтылған.

ІІМ орынбасары Санжар Әділов оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Кәмелетке толмаған балаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен Ақмола гарнизонының Қорғаныс министрлігіне қарасты, оқуда жүрген әскери қызметкері ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр, – деді Санжар Әділов.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: